SHPORA.net :: PDA | |
Main FAQ гуманитарные науки естественные науки математические науки технические науки Етістік. (не істеді?қайтті? не қылды?) 1)Тұлғасына қарай: Негізгі е.-қимылдыы білдіретін төл етістік. Туынды е.-түбір е.-ке не басқа сөз таптарына жұрнақ жалғану арқылы жасалған. 2)Құрамына қарай: Дара е.-бір ғана түбірден (негізгі не туынды) тұрады. Күрделі е.-кемінде екі сөздің тіркесуі арқылы жасалады. 3)Іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай: Болымды е.-іс-әрекеттің жүзеге асуын білдіреді. Болымсыз е.-іс-әрекеттің болмауын білдіріп, етістікке –ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе жұрнақтарының жалғануы не жоқ,емес сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. 4)Мағынасына қарай: 1)Салт е.-өзінің алдында т.септігіндегі сөзді қажет етпейді. 2)Сабақты е.-алдындағы сөздің т.септігінде тұруын қажет етеді. Мағыналық ерекше түрлері: 1)Есімше-бірде есім сөздің, бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі. Қызметі: Есімдерше түрленіп есім қызметін, жіктеліп етістік қызметін атқарады. Жұрнақтары: -ған,-ген,-қан,-кен (бұрынғы өткен щақ); -ар,-ер,-р (болжалды келер шақ); -атын,-етін,-йтін,-йтын (ауыспалы өткен шақ); -мақ,-мек,-пақ,-пек,-бақ,-бек (мақсатты келер шақ); Сөйлемдегі қызметі: 1.Бастауыш-атау септігінде тұрса; 2.Толықтауыш- атау не ілік септіктерінен басқа септіктер тұлғасында заттанып тұрса; 3.Анықтауыш-ілік септігінде не зат есіммен тіркессе; 4.Пысықтауыш-Б.Ж.Ш.К.септіктерінде келіп не көмекші есіммен, септеулік шылаулармен тіркессе: 5.Баяндауыш-жіктелсе; 2)Көсемше-бірде үстеудің,бірде етістіктің қызметін атқарады. Қызметі: Істің жай-күйін білдіріп, үстеу қызметін, жіктіліп не көмекші е.-пен тіркесіп, қимылды білдіріп, етістік қызметін атқарады. Жұрнақтары: -а,-е,-й (ауыспалы осы не ауыспалы келер шақ); -ып,-іп,-п (бұрынғы өткен шақ); -ғалы,-гелі-қалы,-келі; Сөйлемдегі қызметі: 1.Пысықтауыш-іс-әрекеттің түрлі күйін білдірсе; 2.Баяндауыш- күрделі етістіктің құрамында болса; Етіс-іс-қимылдың орындалуында орындаушының қатысы қандай екенін білдіреді. 1)Өздк етіс-қимылды орындаушы өзі істейді. Жасалуы: -ын,-ін,-н; -лан,-лен,-дан,-ден,-тан,-тен; -ырқан,-іркен,-сын,-сін 2)Өзгелік етіс-қимылды өзгеге орындатқызады. Жасалуы: -дыр,-дір,-тыр,-тір,-ыр,-ір; -ғыз,-гіз,-қыз,-кіз; -т,-сет; 3)Ырықсыз-қимылдың орындаушысы айтылмай, іс-әрекет өздігінен жасалғандай көрінеді. Жасалуы: -ыл,-іл,-л; -ын,-ін,-н; -лын,-лін,-ныл,-ніл; 4)Ортақ етіс-қимылды орындаушы біреумен бірлесіп істейді. Жасалуы: -ыс,-іс,-с -лас,-лес,-дас,-дес,-тас,-тес; Етістік шақтары-іс-қимылдың уақытын тілдіретін етістік тұлғасы. 1)Осы шақ-сөйлеп тұрған кездегі қимылды білдіреді. 1.Нақ осы шақ-дәл сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді. -Жалаң н.о.ш.- жатыр,тұр,жүр,отыр салт етістіктерінің жікктелуі арқылы. -Күрделі н.о.ш.-(-а,-е,-й,-іп,-п,), (жатыр,отыр,жүр, тұр)+жіктік жалғауы 2.Ауыспалы осы шақ-күнделікті дағдылы болып жатқан қимылды білдіреді. Етістік+(-а,-е,-й)+жіктік жалғауы. 2)Келер шақ-сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатын қимылды білдіреді. 1.Болжалды келер шақ-қимылдың болашақта болатының дәл айтпай, болжалдап қана білдіреді. Етістік+(-ар,-ер,-р)+ жіктік жалғауы. 2.Мақсатты келер шақ-қимылдың келешекте мақсат етілі орындалатының білдіреді. Етістік+(-мақ,-мек,-пақ,-пек,-бақ,-бек)+(-шы,-ші)+жіктік жалғауы 3.Ауыспалы келер шақ-алдағы уақытта болатын қимылды білдіреді. Етістік+(-а,-е,-й) +жіктік жалғауы 3)Өткен шақ-сөйлеп тұрған уақыттан бұрын біткен қимылды білдіреді. 1.Жедел өткен шақ-қимылдың жуық арада болғанын білдіреді. Етістік+(-ды,-ді,-ты,-ті)+жіктік жалғауы 2.Бұрынғы өткен шақ-қимылдың жалпы болғанын білдіреді. Етістік+(-ған,-ген,-қан,-кен,-ып,іп,-п)+жіктік жалғауы 3.Ауыспалы өткен шақ-сөйлеп тұрған уақытқа дейін дағдылы болып тұрған іс-қимылды білдіреді. Етістік+(-атын,-етін,-йтін,-йтын)-жіктік жалғауы. |