SHPORA.net :: PDA

Login:
регистрация

Main
FAQ

гуманитарные науки
естественные науки
математические науки
технические науки
Search:
Title: | Body:

Мағынасына қарай:


1)Мекен-іс-әрекеттің болу орнын,мекенін білдіреді.

2)Мезгіл-іс-әрекеттің мезгілін білдіреді.

3)Себеп-салдар-іс-әрекеттің себебін білдіреді.

4)Сын-қимыл-іс-әрекеттің жүзеге асу амалын, мөлшерін білдіреді.

5)Мақсат-іс-әрекеттің мақсатын білдіреді.

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері-сұраулары мен қызметі ортақ болып,сөйлемнің бір ғана

мүшесімен байланысатын кемінде екі сөзден тұратын мүше.

Б.м.жалғаулық шылаулар арқылы байланысуы:

1)Ыңғайластық: да,да, та,те,және,әрі,мен,бен,пен.

2)Қарсылықты: бірақ, алайды, әйткенмен.

3)Талғаулы:я,не,немесе,әлде.

4)Кезектестік: бірде, біресе,кейде.

Біріңғай мүшелердің тыныс белгісі:

Үтір қойылады:

1)б.м. өзара жалғаулықсыз байланысса;

2)жалғаулық шылаулар бірыңғай мүшелердің арасында қайталанып келсе;

3)б.м. бірақ деген қарсылықты жалғаулық арқылы байланысса.

Үтір қойылмайды:

1)б.м. арасында мен,бен,пен,және жалғаулықтары бір-ақ рет келсе:

2)да,әрі,не,немесе жалғаулықтары қайталанбай, бір-ақ рет келіп тұрса.

Жалпылауыш сөздер-бірыңғай мүшелермен қызметтес, тұлғалас болып, оларды ортақ

жинақтау мәнін білдіретін мүше.

Жасалуы:

-сілтеу есімдігі

-жалпылау есімдігі

-жинақтық сан есім

-зат есім.

Айқындауыш мүше-сөйлемде белгілі бір мүшенің мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп,

нақтылап көрсететін сөйлем мұшесі

1)Оқшауланған айқындауыш-өзінен бұрын тұрған сөзді айқындап, дәлелдеп,

түсіндіріп тұратын бір не бірнеше сөз.

2)Қосарлы айқындауыш-айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болады.Кейбір қ.а. өздері

айқындайтын сөзінен дефис арқылы бөлінеді.

Оқшау сөздер-сөйлемнің құрамында тұрса да,басқа мүшелермен грамматикалық

байланысқа түспейиін мүше.

1)Қаратпа сөздер-біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөздер.

2)Қыстырма сөздер-сөйлемдегі ойға қатысты сөйлеушінің түрлі көзқарасын

білдіретін сөздер.

3)Одағай сөздер-сөйлемдегі ойға байланысты сөйлеушінің түрлі көңіл-күйін

білдіретін сөздер.

Қыстырма сөздер мағынасына қарай:

1)Қуанышты, ренішті, аяушылықты білдіреді: бағымызға қарай, амал қанша, абырой

бергенде.

2)Сенушілікті, мақұлдауды, мойындауды білдіреді: сөз жоқ, бәсе,әрине, шынында,

дұрысында.

3)Ойдың кімнен,қайдан екенін көрсетеді: меніңше,сіздіңше, оның пікіріңше.

4)Шамамен ғана я сенер-сенбестіктен айтылғанын білдіреді: сірә, мүмкін,тегі,кім

біледі,байқаймын, бәлкім.

5)Бір ойдың алдыңғы жақта айтылған оймен байланысын қорыту ретінде айтылған:

олай болса, демек, сөйтіп,сонымен, қысқасы,айтпақшы.

6)Ой тәртібін білдіреді: біріншіден, бір жағынан,әуелі, ақырында.

Төл сөз-жазушының я сөйлеушінің сөздегі жағынан болсын, грамматикалық формалары

жағынан болсын ешқандай өзгеріссіз,бұлжытпай алып, өз сөзі ішінде қолданған

біреудің сөзі.

Автор сөзі-төл сөздің айналасында оны пайдаланып отырған жазушының не

сөйлеушінің өз сөздері қоса қолданылуы.

Төлеу сөз-жазушының я сөйлеушінің біреудің сөзін өз сөзінде өзгертіп беруі.

Төл сөздің орын тәртібі мен тыныс белгісі:

1)төл сөз автор сөзінен бұрын:

«Төл сөз»,-автор сөзі.

-Төл сөз,-автор сөзі.

2)Төл сөз автор сөзінен кейін:

Автор сөзі: «Төл сөз».

Автор сөзі: -Төл сөз.

3)Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді:

Автор сөзі: «Төл сөз»,-автор сөзі.

Автор сөзі:-Төл сөз,-автор сөзі.

4)Төл сөзді автор сөзі ортадан жарып келеді.

«Төл сөз,-автор сөзі,-төл сөз».

-Төл сөз,-автор сөзі,-төл сөз.

Құрмалас сөйлем-екі не бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.

1)Салалас құрмалас сөйлем-құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты

болып, өзара тең дәрежеде байланысқан сөйлем.

Жасалуы:

-интонация арқылы

-жалғаулық шылаулар арқылы.

1.Ыңғайластық-жай сөйлемдері бір-біріне іргелес болған істі білдіретін салалас

түрі.

Жалғаулықтары: және,әрі,да,де,та,те.

2.Қарсылықты-Жай сөйлемдерінің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін

салалас түрі.

Жалғаулықтары:

Бірақ,дегенмен, алайда, сонда да, сөйтсе де,әйтсе де,сөйткенмен, әйткенмен.

3.Себеп-салдар-жай сөйлемдерінің бірі екіншісінің себебін білдіретін салалас

түрі.

Жалғаулықтары:

өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін, неге десеңіз, сол себепті.

4.Кезектес-жай сөйлемдеріндегі іс-қимылдың кезектесіп келетінін білдіретін

салалас түрі.

Жалғаулықтары:

Бірде,біресе,кейде.

5.Талғаулы-жай сөйлемдерінде айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана орындалатынын

білдіретін салалас түрі.

Жалғаулықтары: не,немесе, я,яки, не болмаса, әлде, әйтседе.

6.Түсіндірмелі- екінші жай сөйлемі бірінші сөйлемінің мағынасын түсндіретін

салалас түрі.

Жалғаулықтары жоқ

7.Шартты-жай сөйлемнің біріншісінде екінші сөйлемдегі істің жасалу не жасалмау

шартын білдіретін салалас түрі.

Жалғаулықтары:

әйтпесе,болмаса.

8.Салыстырмалы-жай сөйлемнің екеуі салыстыратын салалас түрі.

Жалғаулықтары:

да,де,ал.

9.Көп құрамды-үш не одан да көп сөйлемнен тұратын салалас түрі.

Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем:

-ыңғайластық

-қарсылықты

-себеп-салдар

-кезектес

-талғаулы

-түсіндірмелі

2)Сабақтас құрмалас сөйлем-құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы

тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына байланысады.

Жасалуы:

-шартты рай:-са,-се

-көсемше:-а,-е,-й,-ып,-іп,-п,-қалы,-келі,-гелі,-келі

-есімше:-ған,-ген,-қан,-кен

-дықтан,-діктен,-ша,-ше,-да,-де

-болымсыздық етістік:-ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе.

-й,,-йынша,-йінше,-стан,-стен.

1.Шартты бағыныңқы-бағыныңқысы бағыңқы сөйлемнің шарты болып келетін сабақтас

түрі. (қайтсе?не етсе?қайткенде? не еткенде?)

Жасалуы:

-са,-се+жіктік жалғауы.

-май,-мей,-пай,-пей,-бай,-бей

-майынша,-мейінше, -пайынша,-пейінше,

-байынша,-бейінше,

-ғанда,-генде,-қанда,-кенде

-қан,-кен.

2.Қарсылықты бағыныңқы-басыныңқы басыңқы сөйлеміне қарама-қарсы болып келетін

сабақтас түрі.

Жасалуы:

-са да,-се де,

-ғанмен,-генмен,-қанмен,-кенмен.

-(-а,-й,-е)+тұра.

-(-ғанына,-геніне,-қанына,-кеніне)+қарамай, қарамастан.

-(-ғаны,-гені,-қаны,-кені)+болмаса

-ғанша,-генше,-қанша,-кенше

3.Себеп бағыныңқы-бағыныңқы басыңқы сөйлемнің себебін білдіретін сабақтас түрі.

Жасалуы:

-ғандықтан,-гентіктен,-қандықтан,-кендіктен.

-(-ғаны,-гені,-қаны,-кені)+үшін.

-(-ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе)+й

-ып,-іп,-п

-үш шақтағы етістік+деп.

-(-ған,ген,-қан,-кен)+соң.

4.Қимыл-сын бағыныңқы-бағыныңқы басыңқы сөйлемде айтылған ісқимылдың қалай

орындалатынын білдіретін сабақтас түрі.

Жасалуы:

-а,-е,-й,-ып,-іп,-п.

-(-ма,-ме,-па,-пе,-ба,-бе)+с+(-тан,-тен)

-(-ған,-ген,-қан,-кен)+ күйі,қалпы,бойы

-(-ған,-ген,-қан,-кен)+ (-дай,-дей)+болып.

5.Мезгіл бағыныңқы-бағыныңқы басыңқы сөйлемнің мезгілін білдіретін сабақтас

түрі.

Жасалуы:

-ғанда,-генде,-қанда,-кенде

-(ғанға,-генге,-қанға,-кенге)+дейін,шейін.

-(-ғаннан,-геннен,-қаннан,-кеннен)+соң, кейін.

-(ған,ген,-қан,-кен)+сайын,кезде, сәтте,уақытта,-ша,-ше

-(-ма,-ме,-па,-пе,-ба,-бе)+с+бұрын

-ысымен,-ісімен,-сымен,-сімен.

-арда,-ерде,-рда.

-ғалы,-гелі,-қалы,-келі

-(-ғаннан,геннен,-қаннан,-кеннен)+ бері

-са,-се + жіктік жалғауы.

6.Мақсат бағыныңқы- бағыныңқысы басыңқы сөйлемдегі ойдың мақсатын білдіретін

сабақтас түрі.

Жасалуы:

-(-мақ,-мек,-пақ,-пек,-бақ,-бек)+-шы,-ші,+болып

-у+үшін

-(шартты,қалау, бұйрық райлар)+деп

-қалау рай (-қы,-кі)+ тәуелдік жалғау+келіп.

7.Салыстырмалы бағыныңқы- бағыныңқы мен басыңқы сөйлемді салыстыратын сабақтас

түрі.

Жасалуы:

Қандай,сондай,қалай.

8.Амал бағыныңқы- бағыныңқыда басыңқы сөйлемдегі істің амалын білдіретін

сабақтас түрі.

Жасалуы:

Қалай?қандай?

9.Түсіндірмелі бағыныңқы-бағыныңқы басыңқы сөйлемді түсіндіретін сабақтас түрі.

Жасалуы:

-ол,бұл есімдіктері қатысады.

10.Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас.

11.Көп басыңқылы сабақтас құрмалас.

Аралас құрмалас сөйлем-кемінде үш жай сөйлемнен құралып, бір-бірімен сабақтаса

да, салаласа да байланысады.

Жасалуы:

-құрамында үш жай сөйлемнің біреуінің баяндауышы тиянақсыз болады да, қалған

екеуінің баяндауыштары тиянақты болып келеді.

1)Ғылыми стиль-ғылыми еңбектерде, баяндамаларда, лекцияларда қолданылады.

Мақсаты: заттар мен құбылыстардың жалпы ерекшелігін ашып,мәлімет беру.

Ерекшелігі:дәлелді, зерттелген,тура мағынада алу.

Тілдік құралдары: ғылыми терминдер қолдану,хабарлы сөйлемде,өткен осы шақтарда

жиі қоланылады.

2)Ресми іс-қағаздар стилі-іс-қағаздарда, нұсқау хаттар мен кеңсе құжаттарында

қолданылады.

Мақсаты: хабарлау, анық мәліметтер бер.

Ерекшелеігі: ресми, анық,дәл.

Тілдік құралдары: ресми сөздер мен тіркестер,хабарлы сөйлемдер,даяр тіркестер

мен терминдер.

3)Публицистикалық стиль-газет-журналдарда, жиналыстар мен митингілердегі

сөздерде қолданылады.

Мақсаты: көпшілікке әсер ету, құбылыстардың оқиғаны мәнін ашу, оларға

көпшіліктің назарын аудару.

Ерекшелігі: шақыру, үндеу,нақтылау.

Тілдік құралдары: риторикалық сұрақтар,стильдік қайталау,антитеза пайдалану

4)Көркем әдебиет стилі-көркем шығармаларда қолданылады.

Мақсаты: құбылыстар мен заттарды суреттеу,жанды суретін көрсету, бейнелеу арқылы

оқырманның сезіміне әсер ету.

Ерекшелігі: образды, эмоционалды, экспресивті

Тілдік құралдары: ауыспалы мағына, көркемдік тәсілдерін, суреттеме құралдарын

пайдалану

5)Ауызекі сөйлеу стилі-адамдармен еркін әңгіме кезінде қолданылады.

Мақсаты: қатынас жаау.

Ерекшеліктері: сөздер мен сөз тіркестерін еркін қолдану, даярлықсыз өткізілу

Тілдік құралдары:

Қарапайым сөздіктерді еркін қолдану, сұраулы, лепті сөйлемдерді жиі қолдану,

диалогқа құрылу.