SHPORA.net :: PDA

Login:
регистрация

Main
FAQ

гуманитарные науки
естественные науки
математические науки
технические науки
Search:
Title: | Body:

20 билет


2.Қазақтың қорықтары.Ақсу-Жабағылы қорығы – онда ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.Батыс Тянь-Шанның солтүстігінде орналасқан,1926 жылы құрылған.

1930 жылы құрылған «Наурызым» қорығында табиғи кешендерді қорғау және зерттеу жұмыстары жүргізіледі.1935 жылы Алматы облысында құрылған «Алматы» қорығында табиғатты зерттеу және сақтау жұмыстары жүргізіледі.Алматы қорығында (барыс,қоңыр аю,марал,арқар,елік,т.б.)құстардың 200 жүздей түрі бар.1939 жылы құрылған Арал теңізінің солтүстігінде орналасқан «Барсакелмес» қорығында жануарлардың түрлерін сақтау және қазіргі табиғатқа бейімделуін зерттеу жүргізіледі.1968 жылы құрылған Астана қаласынан 140 км. Жерде орналасқан «Қорғалжын» қорығында құстар мен жануарлардың кейбір түрлерін сақтау және табиғат өзгерістеріне бейімделуін зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

3.Есімше етістіктің бір түрі.Есімшенің жасалу жолы: негізгі,туынды,болымсыз етістікке,етістерге –с,-ар,-ер, -р,-ған,-ген,-қан,-кен-мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек,-атын,-етін,-итын,-итін жұрнақтары жалғанады.Мысалы: келер,келмес,келмек,келетін

Есімше – септеледі А.с білген,І.с білгенің,Б.с. білгенге т.б.,жіктеледі –мен барармын,сен барарсың т.б, тәуелденеді –менің білмегім, сенің білмегің,сіздің білмегіңіз т.б,көптік жалғауы жалғанады –барғандар,баратындар.

Мысалы: Ақыл-тозбайтын тон,таусылмайтын кен.(анықтауыш)Оның қорыққанынан үні шықпай қалды.(пысықтауыш)