SHPORA.net :: PDA

Login:
регистрация

Main
FAQ

гуманитарные науки
естественные науки
математические науки
технические науки
Search:
Title: | Body:

ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНИКАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ


Ең ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы есепшот болып табылады. Есепшот Ресейде ХVI-XVII ғасырларда пайда болған. 1761 жылы ғана ағылшын Д. Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышын жасады.

1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелек-терден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды.

1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын – арифмометрді құрастырды. Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Кейін арифмометр бірнеше рет жетілдірілді. Бұл бағытта орыс өнертапқыштары П.Л. Чебышев пен В.Т. Однер көп еңбек етті.

Алғашқы есептеуіш автоматтың авторы ағылшын оқымыстысы Чарльз Бэббидж еді, сондықтан көптеген адамдар оны қазіргі компьютердің атасы деп атайды.

Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған Ада Лавлейс бірінші бағдарламалаушы деп саналды.

1944 жылы американ математигі Говард Айкен Гарвард университетінде бағдарламамен басқарылатытын, релелік және механикалық элементтерге негізделген Марк-1 автоматтық есептеуіш машинасын құрастырды.