SHPORA.net :: PDA

Login:
регистрация

Main
FAQ

гуманитарные науки
естественные науки
математические науки
технические науки
Search:
Title: | Body:

ЭЛЕКТРОНДЫ ЕСЕПТЕУІШ МАШИНАЛАР


ХХ ғасырдың бірінші жартысында радиотехника қарқындап дамыды. Радио-қабылдағыштар мен радио арқылы хабар беретін құралдардың негізгі элементі – электронды-вакуумды шамдар (лампалар) болды. Бірінші электрондық есептеуіш машина 1946 жылы АҚШ-тың Пенсильван университетінде жасалды, оны ENIAC деп атады.

ENIAC-тың конструкторлары – Дж. Моучли мен Дж. Эккерт. ENIAC-тың салмағы 30 т және 18000 электрондық шамдары болды, ол бір секундта 5000 қосу, азайту амалдарын, 300 көбейту амалын орындай алды. Релелік машиналарға қарағанда, оның амал орындау жылдамдығы мың есе жоғары болды.

1946 жылы американ математигі Джон Фон Нейман өз мақаласында ЭЕМ-нің жұмысы мен құрылымының принциптерін баяндады. ЭЕМ жұмысының басты принципі – жадта сақталатын бағдарлама принципі, онда бағдарламалар мен мәліметтер машинаның жалпы жадына орналастырылады. Мақалада баяндалған идеялар “Джон Фон Нейманның ЭЕМ архитектурасы” деп аталды, бұл идея негізінде 1949 жылы EOSAC машинасы құрастырылды. Алғашқы ЭЕМ-дар тек бір данадан ғана болды.

Бұрынғы Кеңес Одағында бірінші ЭЕМ 1947-1948 жылдары академик Сергей Алексеевич Лебедевтің басшылығымен жасалды, оны МЭСМ (Кіші электрондық санақ машинасы) деп атады. 1951 жылы ол ресми түрде пайдалануға енгізіліп, бұл машинада әр түрлі есептеулер жүргізіле бастады. Ол секундына 50 амал орындай-тын болған, ал жедел жад электрондық шамдардағы 100 ұяшықтан тұрды.

1952-1953 жылдары оның жетілдірілген түрі (Үлкен электрондық санақ машинасы) пайдалануға енгізілді.