SHPORA.net :: PDA

Login:
регистрация

Main
FAQ

гуманитарные науки
естественные науки
математические науки
технические науки
Search:
Title: | Body:

ИНТЕРНЕТ ДЕГЕН НЕ?


Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі, ол хаттама (протокол) деп аталатын бірыңғай стандартпен жұмыс істейді. Желідегі компьютерлерде мәтін (текст), сурет, аудио-, бейнематериалдар, т.с.с. өте үлкен ақпарат көлемі сақталады.

Интернет 1969 жылы АҚШ-та осы елдің қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған ARPANET желісінен пайда болды. ARPANET оқу орындарын, әскерлер мен әскери мердігерлерді біріктіретін желі.Интернетте ТСР/ІР пайдаланылады. Бұл әріптер Transmission Control Protocol/ Internet Protocol (Беру басқармасының хаттамасы/желіаралық хаттама) дегенді білдіреді. ІР желідегі адрестеуге жауап береді, ал ТСР хабарларды тиісті адрестер бойынша жеткізуді қамтамасыз етеді, олар 1974 жылы жасалған. Байланыстың талшықтық-оптикалық және спутниктік тізбектерімен біріктірілген ең өнімді компьютерлердің бірнешеуі Интернеттің тірек желісін құрайды. Тірек желісінде суперкомпьютерлер жұмыс істейді, олар әдетте аса ірі университеттік немесе ғылыми орталықтарда орналасқан, көбісі АҚШ территориясында. Тірек желісі тізбектердің өнімділігі секундына бірнеше Гбит-қа жетеді. Ұлттық желілерге кәсіпорындар мен провайдерлердің жергілікті желілері қосылады. Тізбектің типіне байланысты олардың өнімділігі ондаған Мбит/с-қа дейін барады. Кейін бұл жергілікті желілердің компьютерлеріне жеке пайдаланушылар қосыла алады.

Егер ұйымдар мен жеке адамдар ақы төлеу негізінде Интернетке шығарылатын болса, оларды провайдерлер деп атайды. Интернетте көптеген қызметтер жұмыс істейді. Ең танымалысы – электронды пошта (E-mail), WWW мәліметтер базасы, Usenet телеконференциялар жүйесі және FTP файлдық архивтер жүйесі. Әр қызметтің өз хаттамасы болады.