SHPORA.net :: PDA

Login:
регистрация

Main
FAQ

гуманитарные науки
естественные науки
математические науки
технические науки
Search:
Title: | Body:

ҚАЛТАҒА САЛЫП ЖҮРЕТІН СКАНЕР


АҚШ пен Канадада “Докьюпен” деп аталатын қаламсап тәріздес кішкентай (205х12,7) монохромдық сканер сатылуға шықты. Оның салмағы 57 грамм. Онымен А4 пішіндегі құжаттарды сканерлеуге болады. Сканердің ақпарат сақтай алатын жадының көлемі 2 МБ. Ол 100 парақтық мәліметті сыйғыза алатын деген сөз.

Сканермен кез-келген адам жұмыс істей алады. Ол үшін парақтың үстіңгі кесіндісіне параллель қойып, төмен қарай жүргізеді. Аппарат оптикалық сенсорлардың 200 dpi-лі (бір дюймдегі нүктелер) құралымен қамтылған. Бір қағаз-ды өңдеуіне 4-8 секунд уақыт шығындалады. Жасалымның ақпаратты сыйдыру мүмкіндігінің төмендігіне және жұмыс істеу жылдамдығының баяулығына қарамастан, ол өзіндік дербес ток көзінен жұмыс істей алады, сканердің қолданылу аясын кеңейтеді. Ондай аспапты, мысалы, кітапхананың оқу залында, университет аудиториясында, тіпті көшеде де пайдалануға болады.

Ақпаратты көшіріп алу үшін Windows 98 және одан да жоғары қуатты жүйеге ие компьютер керек.