SHPORA.net :: PDA

Login:
регистрация

Main
FAQ

гуманитарные науки
естественные науки
математические науки
технические науки
Search:
Title: | Body:

КОМПЬЮТЕР ТҰРҒАНДА ҚҰРЫЛЫСШЫ ҚАЖЕТСІЗ


Жапонияның “Пента Оушен” фирмасы 1995 жылдан құрылыс ісін толық автоматтандыру жүйесін жасауға күш салып келеді.

Қазіргі кезде бұл жүйе Сингапурда қырық қабатты аспанмен тілдескен зәулім үйді салуда сынақтан өтуде.

Ғимараттың барлық элементтері, әрқайсысы технологиялық процестерге ыңғайлап жасалынған жапсырмалармен немесе тетікті қай жерге және қалай орналастыру керектігі жөнінде ақпараты бар микросұлбамен қамтылған. Әрбір зат құрылыс алаңының нақты белгіленген жерінде жатады. Орталықтандырылған компьютер желісінің бұйрығымен көтергіш крандар керек тетікті тауып алып, қажет жеріне жеткізеді. Компьютерлендірілген құрылыс жүйесінің тағы бір айтарлық кереметі – ол құрылыс элементтерінің орналасуын миллиметрлік дәлдікке дейін қамтамасыз ете алады. Тек қатты жел кезінде ғана крандарға краншылардың көтерілуіне тура келеді.

Қалған уақыттың барлығында да құрылыс алаңындағы тәртіпті жалғыз адам қадағалап тұрады.

Құрылыс жабық шатырдың астында жүргізіледі. Өйткені телекамералар, белгі бергіштер және басқа да технологиялық электрондық қондырғылар жаңбыр мен күн сәулесінен қорғауды қажет етеді. Жұмыстар біткен соң жамылғы шатыр, көтергіш крандар, басқа да қондырғылар жиналып алынады.