SHPORA.net :: PDA

Login:
регистрация

Main
FAQ

гуманитарные науки
естественные науки
математические науки
технические науки
Search:
Title: | Body:

КОМПЬЮТЕРЛЕР ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙТІН БОЛАДЫ.


Өткен сенбіде елордамыздағы «Риксос» Президенттік қонақ үй кешенінде «Бимаш» компаниясының «Сөз-ана» және «Қазақ тілін компьютерлік ойындар арқылы үйрену», сондай-ақ, «SANASOFT» компаниясының «Қазақ тілін дербес компьютерлерде кешенді қолдану» атты бағдарламаларының тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл компаниялар аталмыш бағдарламаларды 2006 жылы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің тапсырмасы бойынша әзірлеген.

«Бимаш» компаниясының «Сөз-ана» жүйесі қазақ тілін бастапқы деңгейде үйренушілерге, өз білімін жетілдіргісі және сөздік қорын толықтырғысы келетіндерге, түпнұсқадан әдеби және өзге де қазақша мәтіндерді оқуға арналған болса, «SANASOFT» компаниясының бағдарламасы мынадай ерекшеліктерге ие:

а) қосымша интерфейстреді қазақ тіліне оқшаулау жөніндегі бағдарлама;

ә) қазақ тілінің драйвері; б) қазақша мәтіндерді конвертациялау; в) қаріптерді теру; г) электронды сөздік; ғ) қазақ сөздерін тасымалдап орналастыру бағдарламасы.

Тұсаукесер рәсіміне Парламент депутаттары, жоғары оқу орындарының, сондай-ақ БАҚ өкілдері шақырылды. Жиынды Тіл комитетінің төрағасы, филология ғылымдарының докторы Ерден Қажыбек жүргізді.

(Егемен Қазақстан, 14 ақпан 2007 жыл).