SHPORA.net :: PDA

Login:
регистрация

Main
FAQ

гуманитарные науки
естественные науки
математические науки
технические науки
Search:
Title: | Body:

ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРЛЕР


Есептеу машиналары үлкен ЭЕМ-дарға, мини ЭЕМ-дарға, микро ЭЕМ-дарға және дербес компьютерлерге (ДК) бөлінеді.

Үлкен ЭЕМ-дар – бұл өте қуатты компьютерлер, олар ірі мекемелерге, кәсіпорындарға немесе халық шаруашылығының тұтастай салаларында жұмыс істеу үшін қолданылады. Үлкен ЭЕМ-дарды пайдалану үшін көптеген қызметкерлері бар есептеу орталықтары құрылады. Олар бірнеше міндеттерді қатар шешіп, бірнеше пайдаланушымен қатар жұмыс істей алады.

Мини ЭЕМ-дардың үлкен ЭЕМ-дарға қарағанда, өлшемдері шағын және өнімділігі мен құны да төмен. Мини ЭЕМ-дар өндірістік процесстерді басқаруда, ғылыми мекемелерде, ғылыми жұмыстарды оқу ісімен үйлестіретін жоғары оқу орындарында қолданылады.

Микро ЭЕМ-дардың тиімділігі үлкен ЭЕМ-дарға қарағанда төмен және олар негізінде деректер дайындау, программалық қамтамасыз етуін жетілдіру бойынша көмекші операцияларды орындайды.

Дербес компьютерлер бүгінгі күні көпшілік арасында кең тарады. Дербес компьютерлердің осылай аталу себебі – ол бір-ақ адам жұмыс істеуге арналған. Қазіргі ДК көлемі шағын, өнімділіктері жоғары. Дербес компьютерлер адам әрекетінің барлық салаларында қолданылады. Дербес компьютерде жұмыс істеу дегеніміз, оның операциялық жүйесімен жұмыс істеу. Операциялық жүйе - бұл компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.