SHPORA.net :: PDA

Login:
регистрация

Main
FAQ

гуманитарные науки
естественные науки
математические науки
технические науки
Search:
Title: | Body:

КОМПЬЮТЕРДІҢ ЗИЯНЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ?


Компьютер арқылы көптеген мәселелеріміз шешіліп, біраз мүмкіндіктерге ие болдық десек те, оның адам денсаулығына қаншалықты қауіп төндіретінінен көпшілігіміз хабарсызбыз.

Бұл қауіпті «ғасыр ойыншығы» тұрмыста көп қолданылады. Енді зияны жөнінде.

Компьютерден шығатын электромагниттік сәуле адам азғасына зиян. Бірақ барлық компьютерлер бірдей деуге болмайды. Соңғы кездегі компьютерлерге қарағанда ерте кезде шыққандары қауіптірек. Екеуінің арасында айырмашылықтар бар. Ал, соңғы маркідегі компьютерлердің өзі құрылысына қарай үш түрге бөлінеді: «ақ», «сары» және «қызыл». «Ақ» құрылысты компьютерлер АҚШ-та, Жапонияда және Батыс Еуропа елдерінде шығарылады. Олар өте сапалы және қауіпсіз. «Сары» құрылысты компьютерлер Гонконг, Тайвань сияқты Азия елдерінде жасалынады. Бұлардың сапасы соншалықты жоғары болмайды. Ал «қызыл» құрылысты компьютерлерді өзіміздің шеберлер құрастырады. Олар зиянды сәулені көбірек бөледі.

Біз әдетте, мониторды зиянды деп ойлаймыз. Ал пернетақта одан да қауіптірек көрінеді. Одан тараған электромагниттік сәулелер саусақ арқылы организмге әсер етеді. Нәтижесінде жүйке ауруы пайда болады. Компьютер алдында көп отырғандардың қол, саусақ ауруларына ұшырайтындары да көп көрінеді.

Компьютердің зиянын барынша азайту үшін мына қеңестерге құлақ түргеніңіз жөн.

Монитор экраны көзден 50, тіпті 70 см қашықтықта тұрғаны дұрыс.

Сіз жұмыс жасайтын жерде бір емес, бірнеше компьютер тұрса, бір-бірінен ара қашықтығы 1 м болуы тиіс.

Компьютердің арты мүмкіндігінше қабырғаға қарап тұрғаны жөн.

Компьютер тұрған бөлме шаң болмауы қажет.

Ауаны тазалап тұрыңыз. Мүмкін болса, компьютердің жанына су құйылған ыдыс қойып қою керек.

Жас балалар компьютер алдында тапжылмай отыра бермей, әр 20 минут сайын 15 минут демалуы тиіс. Ал ересек адамдар 2 сағатта бір 10-15 минутқа тынығуы қажет. Компьютермен жұмыс жасап болғаннан кейін міндетті түрде салқын сумен жуыну қажет.