SHPORA.net :: PDA

Login:
регистрация

Main
FAQ

гуманитарные науки
естественные науки
математические науки
технические науки
Search:
Title: | Body:

АҚПАРАТ ТҮРЛЕРІ


Адамның барлық іс-әрекеті кез келген уақытта ақпарат алумен байланысты: көріп – ақпарат аламыз, естіп, зат ұстап, ас ішіп, иіскеп те ақпарат аламыз. Ақпаратты бізді қоршаған заттар мен құралдар береді: кітаптар, журналдар, газеттер, теледидар, радио т.б. Адамдардың үйдегі, мектептегі, жұмыстағы және көшедегі бір-бірімен қарым - қатынасы – бұл ақпарат беруі.

Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық – саясаттық, әлеуметтік – экономикалық, ғылыми – техникалық, химия – биологиялық, физиологиялық т.б.

Тірі табиғатта ақпарат беру мен өңдеу мысалдары:

Жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, иісті белгілер қалдырып кетеді. Басқа жануарлар иіс сезу мүшесі арқылы бөгде иісті сезіп бөтен жерден кетеді.

Жарғанат қараңғыда ұшқанда ультрадыбысты толқынды жібереді, олар әр түрлі заттардан шағылып оралып қабылданады, оған қайта кеңістікке бағытталуға мүмкіндік береді.

Кейбір ағаштар бір – біріне құрттар шабуыл жасағаны туралы мәлімет бере алады. Мұндай хабардан кейін олар қорғану үшін, жапырақтарына улы заттар шығарады.

Ақпарат беру мен өңдеу ұрпақтан ұрпаққа генетикада жануарлар мен өсімдіктердің қажетті қасиеттері бекіту мен селекция сұрыптау үшін қолданылып келеді.

Ақпаратты өңдеу мен берудің көптеген тәсілдері бар.

Адам сол немесе басқа тілді ишарат, ым мен дыбысты қолдана отырып, ақпарат беріп, оны кез келген сезім мүшесі арқылы қабылдай алады.Басқа сөзбен айтқанда адам ақпаратты сигнал немесе таңба түрінде, береді, өңдейді және қабылдайды.Сигнал жарық, дыбысты (радиотолқындар), электромагниттік, биохимиялық т.б. бола алады.

Ақпаратты тасушы оны сақтайды, оған бұл ақпаратқа сәйкес таңбаны немесе сигналды жазуға болады. Ақпаратты беру құралы – бұл адам, тілдері, телекоммуникация құралдары, тірі табиғаттағы биохимиялық процестер т.б.

Адам ақпаратты кем дегенде үш деңгейде өңдей алады, атап айтқанда : физиологиялық деңгейде (сезім мүшелері), ақылмен ойлау деңгейде, аңдаусыздық деңгейде . Бұдан басқа адам өз ұрпақтарына гендер арқылы тұқым қуалау ақпараттарын береді.