SHPORA.net :: PDA

Login:
регистрация

Main
FAQ

гуманитарные науки
естественные науки
математические науки
технические науки
Search:
Title: | Body:

4-билет


9 ғасырдың аяғы – 10 ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгі ағысында

Оғыз мемлекеті құрылды. Орталығы – Янгикент қаласы (Жаңа Гузия). Махмуд

Қашғаридің дерегі бойынша, оғыздар алғашында 24 тайпадан тұрған. Бұл –

оғыздардың жаңадан әр түрлі тайпалардан қалыптаса бастаған кезі. Әл-Марвази

оғыздардың 12 тайпасы ғана жайлы жазады. Бұл кезең оғыз тайпаларының бір-

біріне қосылып, халықтық халықтық дәрежеге көтеріле бастаған мезгілі болып

есептеледі.

Оғыздардағы жоғарғы билік иесі – жабғу. Жабғудың мұрагері инал деп аталды.

Оны атабектер тәрбиеледі. Әскербасы сюбашы деп аталған. Жабғудың кеңесшілері

күл-еркін деп аталды. “Оғызнама” дерегінде көрсетілгендей, жабғу өзінің

жерін 12 аймаққа бөліп басқарған.

Оғыздар қарлұқ, қимақ тайпаларымен бірігіп, Еділ мен Жайық аралығындағы

печенегтерді жеңеді. 965 жылы оғыз жабғуы Киев князі Святославпен Хазарларға

қарсы әскери одақ құрды. Нәтижесінде Хазар қағанаты талқандалды. Орыс

жылнамаларында 985 жылы князь Владимирдің оғыздармен одақтасып, бұлғарларға

жорық жасағаны туралы айтылады. 10 ғасырдың соңы мен 11 ғасырдың басында Әли

жабғудың кезінде мемлекет жағдайы күрт нашарлады. Үздіксіз соғыс пен шектен

тыс алынатын алым-салық оғыздардың наразылықтарын туғызды. Жент қаласын

салжұқтар басып алады. Алайда қала тұрғындары салжұқтарды Женттен қуып

шығады. Әли жабғудың мұрагері Шахмәлік тұсында Оғыз мемлекеті күшейді. Ол

1041 жылы Хорезмді жаулап алады. Алайда 1043 жылы салжұқтардың қолынан қаза

тапты. Қыпшақтар оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржола ығыстырады.

Ақырында, 11 ғасырдың басында Оғыз мемлекеті құлады.

Сырдарияның төменгі ағысында Жанкент, Жуара, Жент атты қалалардың орналасуы

оғыздардың отырықшылығын дәлелдейді. Ал Сырдарияның орта ағысындағы Қарнақ,

Сүткент, Фараб, Сығанақ, Сауран қалалары туралы Махмуд Қашғари жазған.

Есім хан тұсындағы қазақ хандығы.1598-1628. Есім Тәуекелдің інісі,оның қаза

болған соң хандық білікке кірісті. Алайда 1613-1614 ж Тұрсын Мұхаммед өзін

хан деп сайлайлды, қазақ хандығы екі хан билейді. Есім хан Түркістан қаласын

астана етеді, Тұрсын Ташкент қаласын жарлайды. Бұхар хан қазақтағы

батарыңқылықты пайдаланып, Ташкент, Сайрамды қайтаруды армандаған. Қазақ-

Бұхар шайқасы 1603 ж Айғыржар деген жерде өткен. Бұхар хандығы жеңіледі.

Бұхар Самарқанға тығылады. Есім хан 1627 ж Жетісуге жорық. Тұрсын оны

пайдаланып,әскер жинап Түркістанға шабуыл жасайды. Тұрсын әйелін, балаларды

Ташкентке әкетеді. Есім оны естіп, Ташкентке бет бұрады. Есім ханның ескі

жолы зяң ережелері Қазақ шежірелерінде Есім ханның қызметіне ерекше жоғары

баға беріледі. Бұқар жырау Абылай ханға ренжіген кезендерінде Есімді білетін

деген. Бұдан анық көрінетіні-Есім ханға деген құрмет. Қазақ халқының

көрнекті шежірешісі Құрбанғалы Хашдтың айтуынша, Есімді ұзын бойлы, батыр

денелі адам болған соң "еңсегей бойлы ер Есім" деп дәріптеді. Ұрыс ханның

қызыл туы осы Есімнің қолында қалған Есім ханның ескі жолында қалалық

заңдарға байланысты айтылған. Қоныс-тұраққа,молға,адамдар арасындағы қарым-

қатынасқа қатысыты туындайтын даушардың шешімдері осы кезде сараланды.