SHPORA.net :: PDA

Login:
регистрация

Main
FAQ

гуманитарные науки
естественные науки
математические науки
технические науки
Search:
Title: | Body:

5-билет


“Сармат” атауы көне дәуір авторларының еңбектерінде б.з.б. 3 ғасырдан бастап

кездеседі. Сарматтарды тарихи деректерде б.з.б. 8 ғасырда савроматтар деп

атаған. Савроматтар жөнінде грек, рим тарихшылары Диодор, үлкен Плиний,

Полибий жазған. Геродот жазбаларында савроматтарды скиф тілінде сөйлеген

дейді.

Сарматтардың ескерткіштері Батыс Қазақстан аймағында, негізінен Жайық пен

Елек, Жем өзендерінің бойында кездеседі.

Савромат-сармат тайпалары Орталық Азия мен Қара теңіз өңірі мәдениеттерін

байланыстырды. Босфор мемлекетімен байланыс орнатқан. Алдыңғы Азия,

Солтүстік Кавказға, Парфияға жорықтар жасаған.

Үстіртте зерттелген Бәйте, Терең ескерткіштерінде жерлеу орындарымен қоса,

аруақтарға арнап ас беруге және мінажат жасауға арналған ғибадатханалар

кездеседі. Ғибадатханаларда құрбандық шалатын тас үстелдер және саны 30-40-

қа жететін діңгек тастар орнатылған. Бұл жерден от жағылған орындардың

белгісі жиі ұшырасады. Осыған қарағанда дай-массагеттерде отқа табыну рәсімі

болған.

Геродот пен парсы патшасы Ксеркс өз жазбаларында Арал-Каспий теңіздерінің

аралығында б.з.б. 1-мыңж. ортасында өмір сүрген тайпалар туралы жазған. Бұл

тайпаларды дах (дай, даг), сақ-массагет деп атайды.

Дайлар бірнеше ру-тайпадан тұрған. Б.з.б. 248-24 жылдары дайлардың апарн

тайпасынан шыққан Арсақ (Аршак) бастаған көшпелілер Парфияның бір бөлігін

және Гирканияның шеткі аймақтарын басып алды. Олар бұл елде Аршакидтер

әулеті билігінің негізін салған.

Атырау облысының оңтүстік-шығысындағы Сарықамыс-Құлсары аралығында саз

топырақты төбешіктер табылды.

Батыс Қазақстан жеріндегі сарматтардың ерте темір дәуірі ескерткіштері өзен

алқаптарына жақын орналасқан. Жайық , Елек, Жем өзендерінің бойындағы обалар

негізінен топырақтан, тастан немесе тас аралас топырақтан үйілген.

Сарматтар еліміздің батыс аумағын б.з.б. 8 ғасыр мен б.з. 5 ғасырында

мекендеген. Сарматтарды тарихи деректерде б.з.б. 8 ғасырда савроматтар деп

атаған. Ал б.з.б. 3 ғасырда сарматтар күшейіп, басқа тайпаларға үстемдігін

жүргізе бастаған. Cарматтарда әйелдердің қоғамдағы орны басқа көшпелі

тайпаларға қарағанда жоғары тұрды. Cармат әйелдері ерлермен бірге жасақ

құрамына кірген. Оған әйелдердің қабірлерінен қару-жарақтың көп табылуы

дәлел болады.

Cармат тайпаларында аңшылық қосымша кәсіп болды. Аңшылық қызықтау, сейіл

құру қызметін атқарды. Аң мен құстарды садақпен атты, ит қосып, ұраға жығып

ұстады.

Cарматтар негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Шаруашылығында

көшпелі, жартылай көшпелі тұрмыспен қатар отырықшылық та дамыды. Еділ мен

Жайық бойын, Қара теңіз жағалауын мекендеген сарматтарда малшылықпен қатар

егіншілік те маңызды орын алған.

Сарматтар тұрқы қысқа, жыл бойы өрісте жайылып, тебіндеуге үйренген

жылқылармен бірге алыс жорықтарға мінетін қазанаттарды өсірген. Оларға тек

ақсүйектердің, әскербасылардың қолы жеткен.

Батыс Қазақстан аумағынан табылған Бесоба қорымындағы қабірде екі абыз әйел

жерленген. Олар шалқасынан жатқызылып, бастары оңтүстік-батысқа қаратылған.

Қабір ішінен қол айна, алтын сырғалар, моншақтар және қасқыр бейнесі

салынған үш аяқты құрбандық тақта табылды.

Алғашқы қауым кезінде қауымның барлық мәселелерін ру ақсақалдары, тайпа

көсемдері қауым мүшелерімен ақылдаса отырып шешкен. Ал әскери демократия

кезінде қауымның мәселелерін тек әскербасшылары мен қолбасшылар шешкен. Олар

қарапайым қауым мүшелерімен санаспаған.

Сынтас қорымының бірінші обасында үш савромат жауынгері жерленген. Ортада

әскербасы жатыр. Жауынгерлердің жанынан жебенің қола ұштары, темір

қанжарлар, темір ауыздықтар, қыш ыдыстар табылды. Сонымен бірге қасқыр

мүсіні, киік, таутеке бастары бейнеленген сүйек қасықтар шықты.

Соңғы сармат кезеңіне жататын Аралтөбе ескерткіші Атырау облысы, Жылыой

ауданынан табылды. Бұл қорымнан үш оба қазылды. Қабірден көсемнің қаруы,

абыз асатаяғының бөліктері, әшекейлі бұйымдары табылды.

Сарматтардың ыдыстары қыштан және металдан жасалған. Қыш құмыралардың түбі

жайпақ әрі шұңғыл болып келеді. Қазанды темірден құйып жасаған. Шыны

ыдыстарды өздері жасамаған, шығыс елдерінен алғызған. Теріден торсық, саба,

көнек, местерді жасаған.

Мұхаммед Хайдар Дулатидің 1541-1546 жылдары Кашмирде парсы тілінде

жазылған еңбегі – “Та’рих-и-Рашиди”. Бұл еңбек – Моғолстан мен оған іргелес

аймақтардың тарихы жөнінде жазылған құнды шығарма. Мұхаммед Хайдар Дулатидің

арғы атасы Жетісуды билеген әмірші – Поладшы Дулати. Хайдар Дулати оның

жетінші ұрпағы болатын. Мұхаммед Хайдар Дулати араб, парсы тілдерін жетік

білген. Ол Жамал Қаршидің, Рашид ад-Диннің, Жувейнидің, Əбдіразақ

Самарқанидің еңбектерін зерттеп, тарихи шығармаларына арқау етті. Өтеміс

қажының “Шыңғыснама” еңбегі 16 ғасырдың ортасында жазылған. “Шыңғыснамада”

Жошы хан əулетінің тарихы баяндалады. 16 ғасырдың 40-жылдары Масуд ибн Усман

Кухистанидің “Тарих-и-Абулхайр-хани” еңбегі жазылды. Онда көшпелі өзбектер

ханы Әбілхайырдың тарихы айтылады. Шах Махмұд Шорастың “Тарих” (“Хроника”)

шығармасында Бұйдаш, Хақназар, Тəуекел, Есім, Жəңгір хандар туралы тарихи

деректер келтірілген. Əбілғазы Бахадур хан 1661 жылы "Түрікмен шежіресін",

1665 жылы "Түрік шежіресін" жазған. Еңбектері шежірелік сипатта жазылған.

Шығармалар түрік дәуірінен бастап, Шыңғыс ұрпақтарының тарихын баяндайды.

Сондай-ақ кейінгі дәуірлерде Орта Азия мен Қазақстан, Таяу Шығыс елдерінде

болған ірі тарихи оқиғаларды қамтыған. Қадырғали Жалайыри тұтқында отырып

жазған “Жылнамалар жинағы” еңбегін орыс патшасы Борис Годуновқа сыйға

тартып, қамқорлық жасауын өтінеді. Бұл тарихи шығармада қазақ халқының қоныс

тепкен жерлері, қалалары мен қала мәдениеті, Қазақ хандығы мен қазақ

хандарының өмірбаян шежірелері айтылады. Қазақ хандығының ішкі-сыртқы

жағдайы, заң ережелері туралы ғылыми құнды деректер берілген.