SHPORA.net :: PDA

Login:
регистрация

Main
FAQ

гуманитарные науки
естественные науки
математические науки
технические науки
Search:
Title: | Body:

6-билет


Ақ Орда – Қазақстан аумағында монғолдардан кейін құрылған алғашқы мемлекет.

Ақ Орданың аумағы Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейін, Сырдарияның

орта және төменгі ағысы аралығын алып жатты. Орталығы – Сығанақ қаласы.

Ақ Орда 14 ғасырдың екінші ширегінен бастап Алтын Ордадан біржолата бөліне

бастады. 14 ғасырдың екінші жартысынан бастап Алтын Ордада аласапыран

төңкеріс басталды. 60-жылдары Сарай қаласында бір жылдың ішінде 4 хан

ауысқан. Осы тартысты пайдаланған Ұрұс хан билікті қолына алып, мемлекетті

нығайтты. Әмір Темір Тоқтамысты пайдаланып, Ақ Орда мен Алтын Орданы басып

алуға тырысады. Ұрұс хан мен баласы Тоқтақия қайтыс болғаннан кейін Әмір

Темір Тоқтамысты Ақ Орда тағына отырғызды. 1395 жылы Әмір Темір Тоқтамыстың

орнына Ақ Орда тағына Қойыршақ оғланды (Ұрұстың баласы) хан етіп қойды.

Ақ Орда ханы Барақ Сырдария бойындағы қалаларды қайтару үшін әрекеттер

жасады. Әбілхайыр Шайбани Ақ Орданың біраз жерін жаулап алып, өз хандығын

құрды. Ал Ұрұс хан ұрпақтары 15 ғасырда Ақ Орда жерінде Қазақ мемлекетін

құрды.

Б.з.б. 530 жылы Кир бастаған парсы әскері Сырдарияға дейін келіп, сақтармен

соғысты. Томирис патшайымның баласы Спаргапис парсылардың торына түсіп, қаза

табады.

Геродот өз жазбаларында сақтардың парсылармен соғысы туралы баяндайды:

“Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке

шығып, қылыш және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады.

Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі.”

Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң парсылар сақтарға қайта

шабуылдады. Бұл жорықты Дарий патша басқарған. “Мен әскеріммен сақ жеріне

жорыққа шықтым” - деген Дарийдің сөздері Бехистун жазбаларында жазылған.

Б.з.б. 519 жылы Дарий бастаған парсылар сақ жеріне шабуылдады.

Cақтардың көсемі Скунха жеңіліп, парсы әскері Сырдариядан өтеді.

Грек тарихшысы Полиэн: “Шырақ есімді сақ денесін өзі жаралап, парсыларға

қашып барып, өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген етіп көрсетеді. Парсы

әскерлерін алдап, шөлге апарып қырады” - деп жазған.

Дарий көп әскерінен айырылып, Персияға қайтуға мәжбүр болды. Шырақтың ерлігі

арқасында сақтар өз тәуелсіздігін сақтап қалды.

Парсы патшасы Кирмен келіссөз жүргізуден бас тартқан Томирис (б.з.б. 570-520

ж.ж.) парсылармен соғысады. “Әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан

жоқ. Томирис көп әскермен Кирге қарсы аттанып, 200 мың парсыны жойып

жібереді” - деп жазды Помпей Трог.

Б.з.б. 4 ғасырда Александр Македонский (Ескендір Зұлқарнайын) бастаған

гректер Орта Азияға басып кіріп, Сырдарияға аттанды. Ежелгі грек тарихшысы

Арриан А.Македонскийдің Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтармен соғысқанын жазған.

Сақ батыры Cпитамен 3 жыл бойы партизан соғысын жүргізіп, грек гарнизоны

орналасқан Маракананы (Самарқан) қоршауға алды. Сақтар А.Македонскийдің ірі

әскери бөлімін қоршауға алып, түгел қырып салды. “Скифтер мен Спитаменнің

атты әскері оларды қоршауға алды да, садақпен атып, түгел қырып салды” - деп

жазады Арриан. Кейбір деректерде осы соғыста Александрға сақ сарбазының

жебесі тиіп, санынан жараланды деп көрсетеді. Cақтар гректердің Шығысқа

жүретін жолын бөгеп тастады.

Б.з.б. 490 жылы Марафон шайқасында сақтар парсылардың құрамында болып,

гректерге қарсы соғысты. Сақтар парсылармен бірігіп, Египеттегі және

Грекиядағы соғыстарға қатысқан.