SHPORA.net :: PDA

Login:
регистрация

Main
FAQ

гуманитарные науки
естественные науки
математические науки
технические науки
Search:
Title: | Body:

7-билет


Түрік қағанаты – жерімізде құрылған алғашқы ерте феодалдық мемлекеттердің

бірі. Қағанат оңтүстік шығысында Қытаймен, оңтүстік батысында парсылармен

шектесіп жатты. Түрік қағанатының негізгі құрамы түркі тілдес халықтардан

тұрады. Олардың басым көпшілігін теле (тирек) тайпалары құрады. Теле – түркі

тілдес тайпалардың ортақ атауы. Қытай шежіресі бойынша “теле” сөзінен

“түрік” атауы қалыптасқан. Алғаш рет түрік этнонимі туралы 542 жылғы қытай

жылнамасында жазылған. 552 жылы Түрік қағанаты құрылып, 603 жылға дейін өмір

сүрді.

Түрік қағанатының негізін салушы – Бумын қаған. Ол жужандарды жеңген жеңісі

үшін “елхан” деген атаққа ие болған. Бумын 552 жылы қаза болып, орнына

баласы Қара-Еске қаған болды. Қара-Еске қағанның бастауымен түріктер Орхон

өзенінің жоғарғы жағындағы Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңді. Ал

552-554 жылдары Мұқан қаған кезінде жужандар түріктерден бас көтерместей

болып жеңілді. Осы кезден бастап түріктер Ұлы Даланың шығыстағы қожасына

айналды. Түріктер Орта Азияның ішкі аумақтарына жасаған жорықтарында

эфталиттерден қатты қарсылық көрді. Түріктер эфталиттерді он жылдан кейін,

563-567 жылдары жаулап алды. 6 ғасырдың 70 жылдары Түрік қағанаты солтүстік

Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті. 6

ғасырдың екінші жартысында түріктердің билігі Азияның біраз аймағын қамтыды.

Сөйтіп, Қытай, Иран, Византия сияқты ірі мемлекеттерге өздерінің саяси

ықпалын жүргізген күшті мемлекеттің біріне айналды.

Түріктер негізінен көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен

айналысты. Қыстаулары тау бөктерлеріндегі шатқалдарда немесе Іле, Шу, Талас,

Ертіс, Сырдария бойындағы тоғайлы жерлерде орналасты. Тараз қаласы маңынан

түрік кезеңіне жататын қыстақ-кенттер табылған. “Күлтегін” жазба

ескерткішінде де қала туралы сөздер кездеседі. Түріктердің алғашқы кездегі

мәйітті өртеп жерлеуі отқа табынушылықтан туған.

Кең байтақ жерді алып жатқан Түрік қағанаты саяси жағынан бір орталыққа

бағынған күшті мемлекет бола алмады. 581 жылы қағанаттың өз ішінде соғыстар

басталды. Бұл жағдайды пайдаланған Қытай және басқа да мемлекеттер

түріктерге шабуылдады. 603 жылы Түрік қағанаты Батыс және Шығыс Түрік

қағанаты болып екіге бөлінді.



Cақ тайпалары 3 топқа бөлінеді: тиграхауда (шошақ бөріктілер), парадарайа

(теңіздің арғы жағындағылар), хаумаварга (хаома сусынын дайындайтындар).

Парадарайа (теңіздің арғы жағындағылар) тайпалары Арал бойы мен Сырдарияның

төменгі ағысын мекендеген. Олардың оңтүстігінде хаумаваргалар қоныстанған.

Сақ қоғамы үш топтан тұрды: жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер. Әр

топтың киімдерінің символдық түстері болған. Жауынгерлер қызыл және сары-

қызыл түсті киім киген. Ежелгі үнді-ирандық тілінде оларды “ратайштар”

(арбада тұрғандар) деп атаған.

Б.з.б. 484-425 жылдары өмір сүрген грек тарихшысы Геродот сақтарды массагет

деп атаған. “Массагеттердің киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас.

Олар егін екпейді, үй малдары мен өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді.

Сүт ішеді.”

Тиграхауда сақтары (шошақ бөріктілер) Жетісу, Тянь-Шань таулары, Сырдарияның

орта ағысын мекендеген. Жетісу алқабы олардың жиі қоныстанған орталығы

болған. Шошақ бөрікті сақтар осы күнгі Ташкент аймағында, Солтүстік

Қырғызстан, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде өмір сүрген.

Сақтар – б.з.б. 1 мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен

ежелгі тайпа. Cақ тайпаларының атауының мағынасы әртүрлі болып келеді. Парсы

жазбаларында – құдіретті еркектер, иран жазбаларында – жүйрік атты турлар,

грек жазбаларында – азиялық скифтер деп аталады.

Грек деректерінде сақтарды “дайлар” деп атау кездеседі. Арал теңізінің

солтүстік-шығысын мекендеген сақ тайпаларын жазба деректерде дайлар,

исседондар, аргиппейлер деп атайды. Бұл тайпалар Қазақстанның Орал тауының

оңтүстігін, солтүстік және орталық аймақтарын қоныстанған.

Темір дәуірі б.з.б. 8 ғасыр мен б.з. 6 ғасыры аралығын қамтиды.

Ол екіге бөлінеді: ерте темір дәуірі ( б.з.б. 8 – 3 ғасырлар ) және кейінгі

темір дәуірі (б.з.б. 3 ғасыр – б.з. 6 ғасыры).

Темір дәуірінде рулық қауымдық құрылыс одан әрі жетіле түсті. Рулар үлкен

тайпаларға бірігіп, тайпалардың өзара қосылуынан тайпалық одақтар құрылды.

Мысалы, сақ, сармат, ежелгі үйсіндер мен қаңлылар және ғұндардың тайпалық

одақтары пайда болды.

Темір дәуірінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы, ру-тайпалардың ішкі-

сыртқы қатынастары алғашқы мемлекеттердің пайда болуын жеделдетті.