SHPORA.net :: PDA

Login:
регистрация

Main
FAQ

гуманитарные науки
естественные науки
математические науки
технические науки
Search:
Title: | Body:

9-билет


Жібек жолы Хуанхэ өзені аймағынан басталып, Ұлы Қытай қорғанының батысынан

өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетті. Жол осы арада оңтүстік және солтүстік

бағыттарға тармақталды.

Б.з.б. 1 ғасырдың ортасында алғаш рет Қытайдан Батыстағы елдерге қарай жібек

артқан керуендер шыққан. 6 ғасыр – жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған

кезеңі. Жібек өндіру б.з. алғашқы кезінде Византия, Соғды елдерінде игеріле

бастаған. Соғды елі жібек сатуда Қытаймен бәсекеге түскен. Қытайдың кейбір

қалаларында соғдылықтардың сауда орындары болған. Жапонияның ертедегі

астанасы Наргада да жібек сататын орындар болған. Нарга қаласындағы

ғибадатханада осы уақытқа дейін соғды тілінде жазылған қолжазба сақтаулы

тұр.

Византия шеберлері жасаған күміс құмыралар Тараз қаласынан табылды. Қытайдың

фарфор ыдыстары Талғар, Испиджаб, Отырар қалаларынан табылды. Тараз,

Баласағұн, Испиджаб қалаларынан әр түрлі діни нанымдарға байланысты мешіт-

медреселердің орындары табылды. Б.з.б. 2 ғасырдың ортасында Жібек жолы

халықаралық қатынас жағынан жандана бастады.

Үйсін мәдениеті деп аталатын ескерткіштер Жетісуда шоғырланған. Бұл

мәдениет 700 жылдай уақыт өмір сүрген. Үйсін мәдениетінің хронологиялық

шеңбері б.з.б. 3 ғасыр – б.з. 4 ғасыры аралығын қамтиды.

Қытай жазбаларында б.з.б. 2 ғасырдан бастап үйсін атауы кездеседі.

Үйсіндерді “ат жақты, аққұбаша, сары шашты” - деп сипаттаған. Халқы 630 мың

адам, әскері 188800 жауынгерден құралған деп жазылған.

Үйсіндердің ордасы – Қызыл-Аңғар (Чигучен) қаласы. Ол Ыстықкөл мен Іле

өзенінің аралығында орналасқан. Үйсіндер шығысында Бесбалық, батысында Шу

және Талас өзендері, Қаратаумен шектеседі.

Үйсіндер мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген. “Усунго”, “Синго” cөздері көшпелі

мемлекет деген ұғымды білдіреді. Басшысы – Гуньмо. Тайпа көсемдері “бек” деп

аталады.

Үйсін қоғамында теңсіздік қалыптасты. Соғыс кезінде тұтқынға түскен

адамдарды құлға айналдырған. Құлдардың еңбегі үй шаруашылығында

пайдаланылған.

Бай үйсіннің 4-5 мың жылқысы болған. Байлар өз жылқыларын өзге жылқылардан

айыру үшін таңба салған.

Әр түрлі заттарға салынған таңба-мөрлер жеке меншіктің болғанын дәлелдейді.

Жеке меншік малға ғана емес, жер-суға да тараған. Көсемдер: “менің

жайылымыма ешкім мал жаймасын” - деп жеріне басқаны жолатпаған.

Балшық және тас мөрлерді қатардағы адамдар қолданған. Билеушілер мен

әскербасыларда, бай адамдарда алтын және мыс мөрлер болған. Мөрмен немесе

таңбамен малдарды белгілеген.

Жеке меншіктің шыққаны, мүлік теңсіздігінің болғаны зираттардың көлемінен де

байқалады. Үлкен обаларға бай адамдарды бағалы қарулары, ыдыстарымен бірге

көмген.

Үйсіндер Қытаймен тең құқықты дәрежеде саяси және сауда қатынасын жасаған.

Көршілерімен қандай қатынаста болғандығы туралы мынадай деректерден білеміз:

“Алғашқыда олар ғұндарға тәуелді болғанымен, кейін күшейген соң олардың қол

астында болуды қаламады. Шығысында Ғұндармен, солтүстік-батысында Қаңлымен,

батысында Дауаниямен, оңтүстігінде әр түрлі тұрақты иеліктермен араласып

тұрды”.