SHPORA.net :: PDA

Login:
регистрация

Main
FAQ

гуманитарные науки
естественные науки
математические науки
технические науки
Search:
Title: | Body:

10-билет


14 ғасырдың ортасында Шағатай ұлысы ыдырап, шығыс бөлігінде Моғолстан

мемлекеті құрылды. Моғолстанның аумағы Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен

Қырғызстанды қамтыды. Моғолстандағы беделді тайпа дулаттар болды. 1348 жылы

дулат ақсүйектері Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді хан етіп сайлады. Тоғылық-

Темір хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырды.

Мемлекеттің орталығы – Алмалық қаласы.

Моғолстанда мұсылман діні мемлекеттік дін ретінде қабылданды. Тоғылық-Темір

бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған әмірлер мен бектерді өлім жазасына

кескен. Тоғылық-Темір өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысы кезінде

орныққан Орта Азия жеріндегі билікті қалпына келтіруге әрекеттенді. 1360-

1361 жылдары Мәуереннахрға екі рет сәтті жорық жасады. 1365 жылғы Ташкент

қаласының маңындағы “Батпақ шайқасында” Ілияс Қожа жеңіске жеткен. Әмір

Темірдің Моғолстанға алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. Ол 1380-1390

жылдары да бірнеше рет жорық жасады.

Моғолстандағы бытыраңқылық жағдай 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін

де тоқтамады. Дулат әмірлерінің қолдауымен Есен-бұға 1433-1462 жылдары хан

тағына отырды. 1462 жылы Есен-бұға қаза болған соң Жүніс Моғолстанға оралып,

өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-

Рашид ханның кезінде ыдырай бастады. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының

құрамына енді.

Б.з.б. VII ғасырдан бастап “аң стилі” пайда болды. “Аң стилінің”

негізгі тақырыбы аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу болса, негізі

адамның әр түрлі жануарлардан шыққандығы туралы түсінікпен байланысты

болған. Ру, тайпалар өздерінің шыққан тегін аңдармен байланыстырған және

оларды қасиетті тұмар деп санаған.

Бұл өнердің дәстүрімен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында

танысқан. Осы жерлерден сақтарға “өмір ағашы” дейтін арыстан бейнесі

тараған.

Қызылордадан 300 шақырым жерде, апасиак-сақтардың астанасы Шірік-Рабат

орналасқан. Қаланың орталығынан күзет мұнаралары бар қамал (цитадел)

табылды. Археологтар цитадел орталығынан жебе ұштарын, алтын қапсырмалар,

саздан жасалған бұйымдар тапты. Бұл заттардың жасалған мерзімі б.з.б. 4-2

ғасырларға жатады.

Есік обасынан табылған қыштан, ағаштан, металдан жасалған ыдыстардың

арасынан 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс табақша ерекшеленеді. Камал

Ақышевтің пікірінше, бұл сақтардың өзіндік жазуы болғандығын дәлелдейді.

Есік обасына 17-18 жас шамасындағы сақ ханзадасы жерленген. Оның киімі

басынан аяғына дейін алтын түймешелер, қаптырмалармен апталған. Есік

қорғанынан табылған алтын бұйымдардың молдығына байланысты “Алтын киімді

адам” - деп аталды.

Сақ ханзадасының жанынан семсер, қанжар-акинак, алтын ұшты жебе, қамшы,

жібек қоржын, алтын түймешелер, алтынмен апталған қола теңгелер, мөр-жүзік

табылды. Барлығының саны – 4000-нан астам.

Алматының күншығысында 50 шақырым жерде, Іле Алатауының баурайында 40-тан

астам оба табылды. Соның бірі – Есік обасы, диаметрі 60 метр, биіктігі 6

метр.

Бәбіш-Молда қаласының қамал қабырғалары және айналдыра қазылған орлары

болған. Қала ішінен қыш күйдіретін пеш, қол диірмен тастары, тары қалдықтары

табылды. Бұл заттық деректер қала тұрғындарының егіншілікпен айналысқанын

дәлелдейді.

Іле өзенінің оң жағалауындағы Желшалғыр тауының етегінде орналасқан Бесшатыр

қорымы 31 обадан тұрады. Обалар солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 км, шығыстан

батысқа қарай 1 км аймақты алып жатыр. Қорым б.з.б. 5-4 ғасырларға жатады.

Ғалымдар үлкен Бесшатыр обасын “патша” қорғандары деп атайды. Себебі бұл

обаларда патшалар, даңқты адамдар жерленген.

Оба үйіндісінің айналасындағы тас дуалдың маңайына ірі тас бағандар –

менгирлер орнатылған. Кейбір менгирлерге қазақ ру-тайпаларының таңбалары

қашалып салынған.

Сағана 3 бөліктен тұрады: дәліз (дромос), қабір алдына кірер ауыз, жерлеу

бөлмесі. Сағананың қабырғасы 16 қатар бөренеден қиып салынған.

Жетісу сақтарының кіші обалары қарапайым адамдардың қабірлері болып

есептеледі. Сақ дәуірінің бас кезінде қола кезіндегі сияқты мәйітті тас

сандықшаларға, кейін жер қабірге жерлеген.