SHPORA.net :: PDA

Login:
регистрация

Main
FAQ

гуманитарные науки
естественные науки
математические науки
технические науки
Search:
Title: | Body:

11-билет


Мезолитте мамонт, мүйізтұмсық сияқты ірі және табын болып жүретін аңдар

жойылып кетті. Жеке жүретін бұғы, қабан секілді аңдарды қуып аулау

қажеттігінен аңшылар садақ пен жебені ойлап тапты. Садақ аңды алыстан атуға

мүмкіндік берді. Сондықтан мезолит дәуірінің басты жаңалығы садақ пен жебе

болып есептеледі.

Бұл дәуірдің үлкен жаңалығының бірі — ұзындығы 1-2 см ұсақ жаңқа тастан

жасалған құрал (микролит).

Археологтардың қазба жұмыстары кезінде мезолиттік ескерткіштер аз табылды.

Қазақстан аумағында 20-дан астам мезолиттік тұрақтар белгілі. Бұл дәуірде

аңшылар бір жерде ұзақ мекендемегендіктен, олардың баспаналары да тұрақты

болмады. Мезолит дәуіріндегі адамдар үнемі жайылымдарын ауыстырып, өрістеп

отырған аңдардың соңынан ілесіп көшіп жүрді. Аңшылар Ертіс, Есіл, Тобыл,

Торғай, Жайық өзендерінің бойын мекендеген.

Мезолиттік баспаналар тұрақты болмады. Баспаналар жеңіл қос секілді, ағаштан

айқастырып құрылып, үстінен аң терісін жабылатын. Есіл өзені аңғарынан

қабырғалары терең көмілген, көлемі 40-60 шаршы метр болатын осындай баспана

табылды.

Б.з.б. 8 мыңжылдықта күн жылынып, қолайлы климат орнады. Мұндай жағдайда

жылы үй салу аса қажет болмады.

Палеолиттің соңы мен мезолиттің басында үлкен табиғи-климаттық өзгерістер

жүріп жатты. Жер бетін басқан алып мұздық еріді, қазіргіге ұқсас өсімдіктер

мен жануарлар түрлері қалыптаса бастады. Мезолит дәуірі б.з.б. 12-5

мыңжылдықтар аралығын қамтиды.

Ғалымдар мезолит дәуірінің ерекшеліктері ретінде жануарларды қолға үйрету

мен дәнді дақылдарды өсіруді айтады. Терімшіліктің дамуы алғашқы қауымдық

егіншілікке алып келді. Адамдар жерге жабайы өсімдіктерді еге бастады. Аң

аулаудан мал өсіру қалыптасты.

Мезолит заманында рулық қауым күшейді. Қауым үш топқа бөлінді: қариялар,

ересектер, балалар. Балалар тобынан ересектер тобына өту бағыштау ғұрыптары

(инициация) арқылы жүзеге асырылды. Ұлдар аң аулаудан, садақ атудан, ал

қыздар үй шаруасынан, тамақ дайындаудан сынақ тапсырды.

Егіншіліктің шығуы әйелдер еңбегіне байланысты болған. Алғашқы егіншілер

жерді таяқ қазғышпен қопсытты, кейін қайланы, үшкір тас бекітілген тесені

ойлап тапты. Егінді оратын тас орақты және дәнүккішті жасады.

14 ғасырдың ортасында Шағатай ұлысы ыдырап, шығыс бөлігінде Моғолстан

мемлекеті құрылды. Моғолстанның аумағы Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен

Қырғызстанды қамтыды. Моғолстандағы беделді тайпа дулаттар болды. 1348 жылы

дулат ақсүйектері Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді хан етіп сайлады. Тоғылық-

Темір хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырды.

Мемлекеттің орталығы – Алмалық қаласы.

Моғолстанда мұсылман діні мемлекеттік дін ретінде қабылданды. Тоғылық-Темір

бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған әмірлер мен бектерді өлім жазасына

кескен. Тоғылық-Темір өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысы кезінде

орныққан Орта Азия жеріндегі билікті қалпына келтіруге әрекеттенді. 1360-

1361 жылдары Мәуереннахрға екі рет сәтті жорық жасады. 1365 жылғы Ташкент

қаласының маңындағы “Батпақ шайқасында” Ілияс Қожа жеңіске жеткен. Әмір

Темірдің Моғолстанға алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. Ол 1380-1390

жылдары да бірнеше рет жорық жасады.

Моғолстандағы бытыраңқылық жағдай 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін

де тоқтамады. Дулат әмірлерінің қолдауымен Есен-бұға 1433-1462 жылдары хан

тағына отырды. 1462 жылы Есен-бұға қаза болған соң Жүніс Моғолстанға оралып,

өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-

Рашид ханның кезінде ыдырай бастады. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының

құрамына енді.