SHPORA.net :: PDA

Login:
регистрация

Main
FAQ

гуманитарные науки
естественные науки
математические науки
технические науки
Search:
Title: | Body:

15-билет


Ежелгі түрік тайпалары көне түрік жазуымен жазған. Көне түрік әліпбиі 35

әріптен тұрады. Түріктердің әліпбиі өздерінің ру-тайпаларының таңбалары

негізінде жасалған. Жерімізде түрік жазуының пайда болған мерзімі туралы

жаңа пікірлер туды. Көне түрік жазуы б.з.б. 1 мыңжылдықтың ортасында

қалыптасқан. Алматы, Павлодар облыстарының жеріндегі сақ тайпаларының

обаларынан түрік тіліндегі жазулардың табылуы бұған дәлел болады. Талас,

Іле, Сыр, Ертіс өзендері бойынан соңғы 30-40 жыл ішінде көне түрік

жазуларының көптеген ескерткіштері табылды. Ислам дінінің таралуына

байланысты араб жазуы түрік билеушілері арасында тез қабылданды. Бұл жағдай

түрік жазуының өмірде қолдану аясын тарылта бастаған. Ел ішінде түрік

жазуымен қатар соғды жазуы кең тараған.

Жазу өнерінің дамуына байланысты 8 ғасырда жазба әдебиет пайда болды. Түрік

жазба әдебиетінің көне ескерткіштері – “Күлтегін” және “Тоныкөк” жазулары.

“Қорқыт ата” мен “Оғызнама” – 8-9 ғасырларға жататын шығармалар. Бұл

шығармалар 8 ғасырда ауызша айтылған, 11 ғасырдан бастап қағазға түсе

бастаған.

Түріктердің зираттарынан табылған бұйымдар олардың о дүниелік өмірге

сенуінің айғағы болып табылады. Олар отқа, табиғатқа табынған. Түріктер қаза

болған адамның мәйітіне аты мен заттарын қоса өртеген. Сондай-ақ түріктер

көк бөріге табынған. Балаға, бәйге аттарына тіл-көз тимеу үшін бөрінің

тырнағын, көзін, тілін кесіп алып, тағып қоятын болған. Ұмай анаға отбасына

шапағатын тигізеді деп табынған. Қазақстанның оңтүстігінде, Жетісуда

мұсылман діні 8 ғасырдан бастап кең тарала бастаған.

10 ғасырдың орта кезінде, 942 жылы Жетісу аймағы мен Шығыс

Түркістанның бір бөлігінде Қарахан мемлекеті құрылды. Орталығы – Баласағұн

қаласы. Мемлекеттің негізін Сатұқ Боғра хан қалады.

Қарахандықтардың этникалық құрамына жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін

тайпалары кірді. Қарлұқтар мемлекеттің құрылуында басты рөл атқарған тайпа

болып саналады.

Жер иеленудің бір түрі – “иқта”, ал иеленуші адам “иқтадар” (парсыша) деп

аталды. “Иқтаның” мәні – “иқтадар” қарапайым халықтан салық жинап, ханға

әскери қызмет етуге міндетті болды. Дінбасылар мен діни мекемелерге ірі жер

иеленушілер, көшпелі әскербасылар өсиет етіп жер қалдырып отырған. Оларды

“вакфтық жерлер” деп атаған. Отырықшы аудандарда үлескерлерді араб, парсы

деректерінде “музари” немесе “барзигар” деп атаған. Мұның мәні – шаруалардың

үлеске алған жерлерінен алым-салық жинап отыру. Бұдан басқа “коммендация”

деп аталатын қанау түрі болған. Әлсіз адам өз үлесіндегі жерді күштінің

қамқорлығына берген. Кейін әлсіз адам отбасын қорғағаны үшін ірі жер иесіне

салық төлеген.

Мұса хан өзінің ықпалын күшейту үшін 960 жылы исламды мемлекеттік дін етіп

жариялады. 10 ғасырдың екінші жартысында әлеуметтік қайшылықтардан Самани

әулетінің үстемдігі әлсіреді. Мұны пайдаланған Хасан Боғра хан Испиджабты

ешбір қарсылықсыз басып алды. 10 ғасырдың соңында қарахандықтардың Орта

Азияға жорығы қайта басталды. Осылайша Қарахан мемлекеті Мәуереннахрды

біржолата бағындырды. Қарахан мемлекетінің негізі үлесті жүйеде қаланып,

Шығыс және Батыс иеліктерден тұрды. Шығыс хандықтың аумағы – Жетісу мен

Шығыс Түркістан. Батыс хандық Мәуереннахрды биледі. 12 ғасырдың 30

жылдарында Жетісуға шығыстан қарақытайлар басып кірді. 1212 жылы Шығыс

хандықты найман ханы Күшлік басып алды. Ал Батыс иеліктің ханы қаза

болғаннан кейін, Мұхаммед 1212 жылы Батыс хандықты біржолата құлатты.

Исламның мемлекеттік дін болып жариялануы қала келбетіне, құрылыс жүйелеріне

өзгерістер енгізді. Қарахан мемлекетінің аумағында Айша бибі, Бабаджа қатын

кесенелері салынды. Қарахан сәулет өнерінің тағы бір ерекшелігі Шығыс

моншаларының салынуы болып табылады.

16-билет

9 ғасырдың аяғы – 10 ғасырдың басында Сырдарияның орта және

төменгі ағысында Оғыз мемлекеті құрылды. Орталығы – Янгикент қаласы (Жаңа

Гузия). Махмуд Қашғаридің дерегі бойынша, оғыздар алғашында 24 тайпадан

тұрған. Бұл – оғыздардың жаңадан әр түрлі тайпалардан қалыптаса бастаған

кезі. Әл-Марвази оғыздардың 12 тайпасы ғана жайлы жазады. Бұл кезең оғыз

тайпаларының бір-біріне қосылып, халықтық халықтық дәрежеге көтеріле

бастаған мезгілі болып есептеледі.

Оғыздардағы жоғарғы билік иесі – жабғу. Жабғудың мұрагері инал деп аталды.

Оны атабектер тәрбиеледі. Әскербасы сюбашы деп аталған. Жабғудың кеңесшілері

күл-еркін деп аталды. “Оғызнама” дерегінде көрсетілгендей, жабғу өзінің

жерін 12 аймаққа бөліп басқарған.

Оғыздар қарлұқ, қимақ тайпаларымен бірігіп, Еділ мен Жайық аралығындағы

печенегтерді жеңеді. 965 жылы оғыз жабғуы Киев князі Святославпен Хазарларға

қарсы әскери одақ құрды. Нәтижесінде Хазар қағанаты талқандалды. Орыс

жылнамаларында 985 жылы князь Владимирдің оғыздармен одақтасып, бұлғарларға

жорық жасағаны туралы айтылады. 10 ғасырдың соңы мен 11 ғасырдың басында Әли

жабғудың кезінде мемлекет жағдайы күрт нашарлады. Үздіксіз соғыс пен шектен

тыс алынатын алым-салық оғыздардың наразылықтарын туғызды. Жент қаласын

салжұқтар басып алады. Алайда қала тұрғындары салжұқтарды Женттен қуып

шығады. Әли жабғудың мұрагері Шахмәлік тұсында Оғыз мемлекеті күшейді. Ол

1041 жылы Хорезмді жаулап алады. Алайда 1043 жылы салжұқтардың қолынан қаза

тапты. Қыпшақтар оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржола ығыстырады.

Ақырында, 11 ғасырдың басында Оғыз мемлекеті құлады.

Сырдарияның төменгі ағысында Жанкент, Жуара, Жент атты қалалардың орналасуы

оғыздардың отырықшылығын дәлелдейді. Ал Сырдарияның орта ағысындағы Қарнақ,

Сүткент, Фараб, Сығанақ, Сауран қалалары туралы Махмуд Қашғари жазған.

Қыпшақ хандығы 11 ғасырда құрылды. Сыртқы жауларының соққысынан

құлаған Қимақ қағанатының жері Қыпшақ хандығына көшті. Алтайдан Еділге

дейінгі аралық “Қыпшақтар даласы” (Дешті Қыпшақ) деп аталған. Қыпшақтардың

этникалық құрамы 7-8 ғасырларда қалыптаса бастап, екі бөліктен тұрған. Батыс

бірлестігінде 11 тайпа, ал шығыс бірлестігінде 16 тайпа болған. Ең беделдісі

– елбөрілер (бөрілер). Қыпшақ хандары осы тайпадан шығып отырған. Тарихшы

Жүзжани елбөрілерді хандар әулетінің тайпасы деп атаған. Әскери басқару

жүйесі оң және сол қанат болып бөлінді. Күші мен беделі басым оң қанаттың

ордасы – Сарайшық (Жайық өзені бойы), ал сол қанаттың орталығы – Сығанақ

(Сырдария өзені) қаласы болды. Хандық биліктің орталығы “орда” деп аталды.

Махмуд Қашғари қыпшақ тілінде құлды “яланкуг” деп атаған. Ал кедейлердің

ішінде жер өңдеумен айналысатын жатақтар болған.

Ресей жеріне барып орналасқан қыпшақтар орыс деректерінде “половшылар”

(далалықтар) деп аталды. Дунай бойына қоныстанған қыпшақтарды венгрлер

“кундар” немесе “командар” деп атаған.

Хорезм шахының мұрагері Атсыз қыпшақтардың қол астындағы оғыздар жеріне

бірнеше рет шабуылдаған. 1133 жылы қыпшақтар олардан жеңіліп қалды. Осы

жеңілістен кейін қыпшақтар екіге бөлініп, әлсірей бастады. Хорезмдіктер

қыпшақтардың ішкі қайшылықтарын пайдалануды көздейді. 13 ғасырдың басында

Сыр бойындағы қалалар үшін Хорезм шахы Мұхаммед пен Қыпшақ хандығы арасында

шайқастар болды. Қыпшақтар өз ішіндегі алауыздықтың кесірінен жеңіліп,

солтүстікке қарай шегінді. Бұл екі ел үшін Отырар, Сығанақ, Арал теңізінің

аумағы ұзақ жылдар бойы қақтығыс көзіне айналды. Билік үшін бәсеке, тек

монғолдар екі елді де жаулап алғаннан кейін біржола тынды. 13 ғасырдың

басында Қыпшақ хандығы құлағанымен, оның халқы мүлдем жойылып кеткен жоқ.

Қыпшақтар қазақ халқының басты этникалық құрамының біріне айналды.