SHPORA.net :: PDA

Login:
регистрация

Main
FAQ

гуманитарные науки
естественные науки
математические науки
технические науки
Search:
Title: | Body:

18-билет


Найман, керейіт, жалайыр тайпаларының негізгі мекендеген жері – Монғолияның

орта және батыс аудандары. 10 ғасырдан бастап бұл тайпалар Қазақстан өңірін

қоныстана бастады. Найман мемлекетінің аты шыға бастаған кез – 12 ғасырдың

екінші жартысы. Орталығы – Балықты қаласы. Инанч-білге ханның білімділігінің

арқасында наймандар қарақытайлардың үстемдігінен құтылған. Ол наймандар

одағының басын қосып, мемлекетті күшейтті. Бұйрық пен Даян хандар тұсында

мемлекет екіге бөлінді. Шыңғысханға қарсы қырғыз, меркіт, найман тайпалары

бірігіп, 1201 жылы құрылтайға жиналады. Соғақ суаты деген жерде одақтастар

Шыңғыс пен Ван хандардың әскерімен соғысып, ойсырай жеңіледі. Алтайдың

оңтүстігіне жылжыған Бұйрық ханды Шыңғысхан әскері қолға түсіріп, жазалайды.

Ал 1204 жылы Шыңғысхан Даян ханға қарсы жорыққа шығып, оны біржола жеңеді.

Даян ханның баласы Күшлік Жетісуға қашып кетеді.

Керейіт тайпалары Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендерінің бойында тұрған.

Орталығы – Битөбе. Керейіт мемлекеті 10-12 ғасыр аралығында, Маркус пен

баласы Құршақұз хандар тұсында шарықтаған. 1202 жылы керейіттердің ханы Торы

мен Шыңғысхан өзара жауласып, Шыңғысхан керейіттерді басып алады.

Керейіттердің бір бөлігі Қазақстанның шығысына келіп орналасады. Тарихшы

Рашид ад-Дин керейіттер туралы: “Монғол жеріндегі 9-13 ғасырларда өмір

сүрген керейлер – күшті дамыған ел…Олар тек Шыңғысхан әскерінен әлсіреді.

Олардың мәдениеті өте жоғары болып, көне түрік жазуларын пайдаланған” деп

жазды. Монғол мемлекетінде хатшылар керейіттерден болған.

Жалайырлар монғол жеріндегі Селенгі, Хилок өзендері және Орхон өзенінің

жоғарғы ағысында, Қарақорым таулы қыраттарында өмір сүрген. Шыңғысханның

жалайыр тайпасының ішіндегі ең жақын адамы атақты ақын, шешен, батыр Мұқылай

болған. Шыңғысхан өзіне көрсеткен адал қызметі үшін оған атақ беріп, сол

қанатының түменін басқартқан. Жалайыр Жамұқа Шыңғысханның бірде андасы –

серттескен ең жақын досы ретінде, ал бірде оның жансызы есебінде, бірде қас

жауы ретінде көрсетіледі.

Найман, керейіт, жалайыр тайпаларындағы басқару ұлыстық жүйемен жүргізілді.

Найман, керейіт, жалайыр тайпаларында малдың басты түрі жылқы мен қой

болған. Ал керейіттерде жылқы өсіру басым болды.